2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иранның Хормозган провинциясының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының вице-президенті Х.Рухани Тазианимен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кен, балық шаруашылығы, мұнай өнімдерін өңдеу, инвестиция,жүк транзиті мен тасымалы және өзге де салалардағы қатынастарды одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1223274?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау