КЕЛЕС АУДАНЫНДА 6 754 КӨШЕ ЖАРЫҒЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев төрағалық еткен кезекті аппараттық мәжілісте аудан аумағындағы көше жарықтандыру жүйесінің жай-күйі, минералды жолақ жырту жұмыстары және аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы атқарылып жатқан шаралар қаралды.
Мәжілістің алғашқы мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаев баяндама жасады.
Келес ауданында 83 елді мекенде орналасқан 510 ішкі көшенің 290-ына көше жарық шамдары орнатылған. Жалпы саны 6754 жарық шамының 6456-сы елді мекендердің ішкі көшелерінде, ал 298-і А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында орналасқан. Нәтижесінде аудан көшелерінің жарықтандырылу деңгейі 56,8 пайызды құрап отыр.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елдос Келесбай өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан минералды жолақ жырту жұмыстары жөнінде баяндады.
Биыл аудан бойынша жалпы 533,23 шақырым минералды жолақ жырту жоспарланған. Қазіргі таңда Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Біртілек, Жамбыл, Ошақты және Ұшқын ауылдық округтерінде 235,68 шақырымдағы жұмыстар толық аяқталған. Қалған көлемді 15 мамырға дейін толық аяқтау жоспарланған.
Мәжілісте аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарының барысы да сараланды.
Аудан бойынша зерттелетін аумақ көлемі 217 960 гектарды құраса, оның 143 350 гектарына химиялық өңдеу жүргізілген. Жұмыстар 19 сектор бойынша ұйымдастырылып, оған 220 анықтаушы, 38 жауапты маман, ветеринария қызметкерлері және 150 ерікті тартылған. Қазіргі таңда барлық секторларда дәрілеу жұмыстары толық аяқталып, қайта бақылау және мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне көше жарықтарын қалпына келтіру, минералды жолақтарды белгіленген мерзімде аяқтау және шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1223055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version