КЕЛЕС: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Amanat партиясы Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық қабылдауға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Басымбек және Келес аудандық мәслихатының төрағасы Нұржан Шаулиев қатысып, аудан тұрғындарының талап-тілектерін бірге тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар жер және тұрғын үй мәселелері, елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу, электр трансформаторын қауіпсіз жерге көшіру, суару каналдарын тазалау, өзен арнасының өзгеруінен туындаған қауіптің алдын алу, әлеуметтік такси қызметін жетілдіру, сондай-ақ жер учаскелерінің шекарасына байланысты даулар жөніндегі өтініштерін жеткізді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары шекара маңындағы каналдарды механикалық тазалау, көшелерге асфальт төсеу, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы инфрақұрылым мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстарын айтты. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтерді.
Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне заң аясында зерделеп, нақты шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.
Қабылдау соңында аудан басшысы халықпен ашық диалог орнату және тұрғындардың өзекті мәселелерін кезең-кезеңімен шешу аудан әкімдігі жұмысының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1223061?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version