Кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Буллинг, өз-өзіне қол жұмсау және балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылады.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларына профилактикалық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған нұсқаулар (ұсыныстар) берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1223097?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау