Шымкентте жыл сайын қала тұрғындарының бос уақытын қызықты өткізуіне жасалған жағдай жақсарып келеді. Соның бір бағыты – сазды субұрқақтар.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде бүгінде 58 субұрқақ бар. Олардың қатарында 4 музыкалық және 8 би элементтерімен ерекшеленетін заманауи субұрқақ та бар. Бұл нысандар мегаполистің келбетін айшықтап қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, субұрқақтарды күтіп-ұстау және санитарлық тазалау жұмысы жүйелі әрі күшейтілген режимде жүргізілуде. Әр субұрқақ айына үш рет арнайы тазаланып, техникалық жағдайы тұрақты бақылауда ұсталады. Бұл жұмысқа 20-ға жуық білікті маман жұмылдырылған.
Субұрқақтардың жұмыс кестесі:
* Күн сайын сағат 08:00 – 10:00;
* 11:00 – 13:30;
* 15:00 – 17:00;
* 18:00 – 20:00;
* 21:00 – 00:00 аралығында.
Ал Көл аймағындағы субұрқақ 20:00 мен 22:00 аралығында үзіліспен жұмыс істейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1223029?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау