Мәртөк ауданында инфрақұрылымды жаңғырту және газдандыру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалар туралы баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Мәртөк ауданында әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттағы ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Ауданда білім беру, инженерлік инфрақұрылым және газдандыру салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

2024 жылы басталған Қ. Медетов атындағы жаңа заманауи Өнер орталығының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа нысан заманауи жиһаздармен және музыкалық аспаптармен жабдықталып, балалардың сапалы білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік жасап отыр.

Сонымен қатар, Кеңсахара және Достық ауылдарында жаңа мектептердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша білім беру нысандары жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында Кеңсахара және Хазірет ауылдарында су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, газдандыру саласында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп, өткен жылы 9 елді мекен табиғи газға қосылды. Биыл Полтавка ауылын толық газдандыру жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, жүзеге асырылып жатқан жобалар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және өңірдің тұрақты дамуына бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1223297?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version