Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Алкогольді тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтау, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдік сатудың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтарды азайту.
Шара барысында полиция қызметкерлері сауда орындары мен көңіл көтеру мекемелерінде рейдтік жұмыстар жүргізіп, заң талаптарының сақталуын бақылауда. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, алкогольдің адам денсаулығына, отбасы тәрбиесіне және қоғам қауіпсіздігіне тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілуде.
Құқық қорғау органдары облыс тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын бұзбауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Қоғамдық қауіпсіздік — баршамызға ортақ жауапкершілік.
https://www.instagram.com/reel/DYZ3GMKMijl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1223085?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау