Ақсуат ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 5 мамыр күні К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде Республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде заманауи тәсілдерді тиімді жүзеге асыру мақсатында озат педагогикалық тәжірибені анықтау, насихаттау және тарату.
Байқаудың міндеттері:
– кәсіби шеберлігі жоғары педагогтерді анықтау және қолдау;
– педагог қызметкерлердің кәсіби өсуіне, өзін-өзі танытуына және шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал ету;
– мектепке дейінгі білім беру педагогінің беделін арттыру.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді:
🔹 І кезең – E-портфолио
🔹 ІІ кезең – Эссе жазу
🔹 ІІІ кезең – кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет өткізу
Байқауға 10 педагог қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша озат педагогикалық тәжірибесімен ерекшеленген «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Күнсафина Арайлым Бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
🥇 І орын – «Әсем» бөбекжайының тәрбиешісі Шуашева Айнұр
🥈 ІІ орын – «Еркетай» бөбекжайының тәрбиешісі Наурызбаева Жұлдыз
🥉 ІІІ орын – С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің «Бүлдіршін» шағын орталығының тәрбиешісі Закенова Назгүл
Жүлдегерлер Ақсуат ауданы білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, қалған 6 педагог білім бөлімінің арнайы номинацияларымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1223101?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау