Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалығымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске Департамент басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, ішкі қауіпсіздік бөлімінің, ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Қасымхан Алпысбайұлы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қатаң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажеттігін атап өтіп, жұмыс барысында туындайтын проблемалық мәселелер туралы қызметкерлердің ақпаратын тыңдады.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек, жауапты қызметкерлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, әкімшілік және қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағанда тартылатын жауапкершіліктер туралы ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1223486?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау