Омбудсмен Тараз қаласындағы № 58 мекемеге инспекция жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Тараз қаласында орналасқан орташа қауіпсіздік деңгейіндегі № 58 мекемеге барды.

Сапардың мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуын және оларды ұстау жағдайларының халықаралық актілерде бекітілген ең төменгі стандарттарға сәйкестігін тексеру.

Омбудсмен кешенді мониторинг өткізді, оның ішінде тамақтану сапасы, медициналық қызмет көрсету және сотталғандардың еңбекпен қамтылуы да қаралды.

Сапар барысында Артур Ластаев сотталғандардың отрядтардағы тұру жағдайларымен, шағым беру терминалдарының жұмысымен, сондай-ақ мекеме аумағында жұмыс істейтін кәсіпорынның қызметімен танысты.

№ 58 мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, аумақта жұмысшы мамандықтарын (ағаш ұстасы, дәнекерлеуші, токарь және т.б.) даярлайтын колледж де жұмыс істейді.

Сапар аясында Омбудсмен сотталғандарды жеке қабылдап, олардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1223425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version