Орталық Азия елдері мен Қытайдың ішкі істер органдары қауіпсіздік саласындағы практикалық өзара іс-қимылды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Астанада «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында өңірлік қауіпсіздікті нығайту, трансұлттық қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

     Қазіргі заманда қауіп-қатердің артуына байланысты құқық қорғау органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және кәсіби байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

     «Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелері өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Бүгінде әр елдің құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында практикалық ынтымақтастықты күшейтіп келеді.

     Өткен бір жыл ішінде бірқатар бірлескен іс-шара өткізілді. Салалық бөлімшелер мен ведомстволық оқу орындары арасында тәжірибе алмасу кеңейіп, заманауи цифрлық шешімдер мен технологиялар бағыты бойынша өзара іс-қимыл дамып келеді.

     Ортақ міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи сын-қатерлерге дер кезінде әрекет ету және «Орталық Азия – Қытай» форматына қатысушы елдердің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл формат өзінің практикалық маңыздылығын дәлелдеп, өңірлік қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысқа қосымша мүмкіндіктер ашуда», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

     Еске сала кетейік, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы алғашқы кездесу 2024 жылы Ляньюньган қаласында өткен.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1222943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version