PGL Astana 2026 турнирінде «Заң мен тәртіп» акциясы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде өтіп жатқан Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 ауқымды турнирі аясында «Заң мен тәртіп» акциясы ұйымдастырылды.

Әлемнің үздік киберкомандалары бақ сынап жатқан турнир барысында елорда прокуратурасының үйлестіруімен Астана әкімдігі мен қалалық полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Бастама жастар мен елорда тұрғындарының құқықтық мәдениетін, цифрлық сауаттылығын арттыруға және жауапты мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған.

Турнир көрермендері мен жанкүйерлеріне тақырыптық ақпараттық брошюралар таратылды. Қонақтарға заң мен қоғамдық тәртіпті сақтау, мүлік пен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы ескертілді.

Сонымен қатар турнир алаңында құқықтық тәртіп, жауапкершілік және қоғамдық мінез-құлық мәдениеті мәселелеріне арналған ақпараттық стендтер мен плакаттар қойылған «Заң мен тәртіп» тақырыптық бұрыштамасы ұйымдастырылды.

«Бүгінде жастардың заманауи технологияларды еркін меңгеріп қана қоймай, цифрлық қауіпсіздік пен шынайы өмірдегі заң талаптарын да түсінуі аса маңызды. Мұндай профилактикалық акциялар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1222928?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version