Бүгін Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Jambyl» облыстық телеарнасының тілшілерімен «Тараз қаласының тарихы» тақырыбында көрермен назарына ұсынылатын арнайы телебағдарлама үшін түсірілім ұйымдастырылды. Түсірілім барысында бөлім бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Елжан Ережепов аталған өрт сөндіру бөлімі ғимаратының тұрғызылу уақыты мен қызмет тарихы жайлы толық деңгейде сұқбат берді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау