Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына! Сіздердің талқылауларыңызға “«Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы ұсынылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоба

 

 

 

 

 

 

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 577, 581-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы №410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5354 болып тіркелген) «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                       А. Букенов

 

 

Түсіндірме жазба

Қарағанды қалалық мәслихатының шешіміне

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

Түсіндірме жазбада міндетті түрде көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Ескерту

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Бұл нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығындарын ұлғайтуды көздемейді.

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Бұл шешімді қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды.

5.

Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Жаңа шешім қабылдауға байланысты

6.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

 

7.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

 

8.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Бұл нормативтік құқықтық акт кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын ұлғайтуды немесе азайтуды көздемейді.

 

 

Аппарат басшысы                                                                          К. Сулейменов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1223515?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version