Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын “Мерейлі отбасы”ұлттық конкурсы өткізіледі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Байқауға өзін-өзі ұсыну арқылы отбасылар қатысады,
сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық(қалалық)комиссияға 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін беріледі.

Біріншісі-аудандық (қалалық) кезең (29 маусымға дейін).

Екінші-облыстық кезең (15 шілдеге дейін).

Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпаратты “Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат , мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ , 87144534278 , 871445 34241 телефон арқылы алуға болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1223356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version