Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Нақбаев Нұркен Сайфулинұлы тағайындалды.
Нұркен Сайфулинұлы – құрылыс саласында мол тәжірибесі бар білікті маман. Мемлекеттік қызмет саласындағы жалпы еңбек өтілі 8 жылға жуық. Осы уақыт аралығында ол түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді.
Жаңа лауазымында Нұркен Сайфулинұлы Түркістан қаласының құрылыс саласын дамыту, инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстарды үйлестіретін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1223303?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау