2026 жылдың 15 мамыр күні VIII шақырылымдағы Шиелі аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессияға Қызылорда облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы қатысты. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392-V заңының 51-бабы 1-тармағына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылға арналған Шиелі аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебі, Шиелі ауданының 1 кент және 22 ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндама жасады.
Сессия барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Н.Р. Қордабай аудиторлық іс-шараға байланысты біршама сұрақтарға жауап берді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау