2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Ж.У. Аймаганбетов төрағалығымен «Тепке» ЖШС және «Oxygen Capital Limited» ЖК компаниясы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кездесу барысында «Тепке» ЖШС-дегі еңбек ахуалы жан-жақты қаралып, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек заңнамасының орындалуы, жалақы төлеу мәселелері, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алу, ұжымдағы тұрақтылықты сақтау, қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы өзара түсіністікті нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тараптарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1223316?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау