Аудан әкімі М.Мұхтаров, аудандық мәслихат төрағасы С. Социал, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Қызылов пен Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Д.Смаилов және аудан белсенділерімен бірге қарияларды мерекемен құттықтады. Кездесу барысында ардагерлерге мерекелік құттықтау хаттар мен арнайы естелік сыйлықтарды табыс етті.
Бүгінгі таңда ауданымызда 17 тыл ардагері тұрады. Аудан басшысы оларға сұрапыл соғыс жылдарындағы қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1223149?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау