Жакилина Ақерке Тлебалдықызы атындағы ағылшын тілі кабинетінің ашылу салтанаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Ақсуат ауданының білім бөлімі” ММ-нің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен “Тоғас батыр атындағы орта мектебі” КММ-де Жакилина Ақерке Тлебалдықызы атындағы ағылшын тілі кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Ақерке Тлебалдықызының білім алып, түлеп ұшқан мектебіне ұлдары Жеңіс пен Бейбіт Саятқанұлдары, сондай-ақ қызы Мөлдір Саятқанқызы заманауи талаптарға сай жабдықталған ағылшын тілі кабинетін демеушілік жасап тарту етті.

Жаңа кабинет білім алушылар үшін қолайлы орта қалыптастырып, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға, сапалы білім алып, болашақта жоғары жетістіктерге жетуіне зор мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Кабинеттің ашылу салтанаты Жакилина Ақерке Тлебалдықызы атындағы 5–7 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінен IV аудандық олимпиадамен жалғасты. Олимпиадаға аудан мектептерінен 39 оқушы қатысып, өз білімдерін сынға салды.

Олимпиада қорытындысы бойынша:
🥇 І орын алған 3 оқушыға – 100 000 теңге,
🥈 ІІ орын алған 6 оқушыға – 70 000 теңге,
🥉 ІІІ орын алған 9 оқушыға – 40 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға 10 000 теңгелік сертификаттар берілді.

Олимпиаданың бас демеушісі – Советова Мөлдір Саятқанқызы. Ол аударма және консалтинг саласындағы жеке кәсіпкер, «Рухы биік» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушысы, Абай облысы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, инвестор және мемлекеттік сатып алу маманы.

Жасалып жатқан осындай игі істер – өскелең ұрпаққа деген жанашырлықтың, ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Бұл – оқушылардың сапалы білім алуына жасалған үлкен қолдау мен қамқорлық.

Мектеп ұжымы атынан демеушілерге шынайы алғыс білдіріп, қайырымды істерінің әрдайым жалғасын табуына тілектестік білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1223108?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version