Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары полиция қызметкерлеріне арналған «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында тәжірибелік-танымдық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты – су айдындарындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар жедел әрекет етудің маңыздылығы айтылды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау