14 сәуір күні бекітілген кестеге сәйкес Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы З. Оспанова «Ақнұр» дүкенінің алаңында, сондай-ақ А. Такибаев өз округіндегі хоккей корты алаңында сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты А. Ким де қатысты.
Кездесу барысында тұрғындарға мәслихат депутаттары ретінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді. Сайлаушылардың алдағы уақытта орындалуға тиісті талап-тілектері мен ұсыныстары тыңдалып, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/press/news/details/1224538?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау