2026 жылғы 15 мамыр «Арқар» мәдени композициясының жанында Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы ағашы» акциясы өтті. Аталған акция «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының бастамасы болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты — адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру. Конкурс ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейтуге, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына деген қамқорлығын үлгі етуге бағытталған.
«Мерейлі отбасы-2026» конкурсы аясында аудандық және қалалық кезеңдерге өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында жүргізіледі. 40 отбасы өкілдерінің қатысуымен 55 ағаш отырғызу рәсімі болмақ. Олардың қатарында Мерейлі отбасы-2025 конкурсының жеңімпаздары, көпбалалы отбасылар, патронаттық отбасылар, еңбек әулеттері, жас жұбайлар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және т.б. бар.
Жас жұбайларға Мәженовтер отбасына , 50 жыл бірге өмір сүрген өнегелі отбасы Хамзиндер жанұяның бірлігі мен берекесінің белгісі – «Шаңырақ» символы табысталады.
Сонымен қатар, іс-шараға Ақмола облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Аналар кеңесінің, Әкелер одағының, Ақмола облысы Әйелдер күштері альянсының, «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің, Ақмола облысы Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1223556?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version