270.00-нысанын жасау қағидалары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған редакциядағы Салық кодексінің 342-бабының 2-тармағына сәйкес жеке тұлға салықтық шегерімдерді:

 

  1. міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, стандартты шегерімдер, көпбалалы отбасылар үшін шегерімдер түрінде – салық агентінде;

 

  1. міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, стандартты шегерімдер, көпбалалы отбасылар үшін шегерімдер түрінде – салық агенті қолданбаған жағдайда дербес түрде;

 

  1. осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмегендерін – дербес түрде қолданады.

 

Бұл ретте, Салық кодексінің 342-бабының 3-тармағына сәйкес, күнтізбелік жыл ішінде салық агентінде де, жеке тұлғаның өзі дербес қолданған көпбалалы отбасыларға арналған және өзге де шегерімдердің жалпы сомасының шекті мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 564 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

 

Осылайша, Салық кодексінің 347, 349, 351-баптарына сәйкес көпбалалы отбасы үшін, оқуға және сыйақылар бойынша салықтық шегерімдер растайтын құжаттар болған жағдайда қолданылады.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №927 бұйрығымен бекітілген Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (бұдан әрі – Қағида) (270.00-нысан) жасау қағидаларына сәйкес №2 қосымша – «ЖТС бойынша артық соманы есепке жатқызу және қайтару туралы талап» толтырылады.

 

«ЖТС бойынша артық соманы есепке жатқызу және қайтару туралы талап» атты 2-қосымша Декларацияда 8В жолы белгіленген жағдайда толтырылады.

 

«В. ЖТС бойынша артық соманы есепке жатқызу туралы талап» бөлімінде салық төлеуші есепке жатқызуға жататын ЖТС артық сомасын көрсетеді.

 

«С. ЖТС бойынша артық соманы қайтару туралы талап» бөлімінде салық төлеуші қайтаруға жататын ЖТС артық сомасын көрсетеді.

 

Осылайша, жеке тұлға оқу шығындарына, көпбалалы отбасы үшін, сыйақылар бойынша шегерімдерді дербес қолдану үшін 2025 жылға арналған жеке табыс салығы бойынша артық соманы есепке жатқызу және қайтару туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы қажет.

 

Техникалық мүмкіндік болмауына байланысты растайтын құжаттар ілеспе хатпен бірге жолдануға тиіс.

 

Қосымша хабарлаймыз, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне шегерімдер бойынша растайтын құжаттарды қоса беру мүмкіндігін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Салық кодексінің 847-бабының 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша артық соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі жөніндегі өтпелі ережелерге сай, жеке тұлға 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияда немесе 2025 жылға арналған қосымша декларацияда (осы баптың мақсаттары үшін – декларация) жеке табыс салығы бойынша артық сома туындаған жағдайда, осы бапта белгіленген тәртіппен салық органы жүргізетін салыстырып тексеруден кейін мұндай артық соманы есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқылы.

 

Салық кодексінің 847-бабының 3-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру – декларацияда көрсетілген жеке табыс салығы бойынша артық соманы растау мақсатында салық органы жүргізетін рәсім.

 

Салыстырып тексеру барысында:

 

  1. кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтерді салық агенттері мен уәкілетті тұлғалардың деректерімен салыстыру;

 

 

  1. салықтық шегерімдерді және салықтық шегерімдер ретінде танылатын шығыстар сомаларын қолданудың негізділігін растау;

 

 

  1. есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген жеке табыс салығы бойынша артық соманы растау жүзеге асырылады.

 

 

 

Сонымен қатар, Салық кодексінің 847-бабының 11-тармағына сәйкес, 2025 жыл үшін салық агентінің жеке табыс салығы бойынша салықтық берешегі болмаған жағдайда, жеке тұлғаға жеке табыс салығы бойынша артық сома қайтарылады.

 

Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша артық сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырылған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.

 

Екінші мәселе бойынша

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 шілдедегі №208-VIII «Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен (бұдан әрі – 2025 жылғы 15 шілдедегі Заң) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған Салық кодексіне жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың (бұдан әрі – ЖПАТ) салық салынатын табысын айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Осылайша, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған Салық кодексінің 781-бабының 1-тармағына сәйкес, аталған бап 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 15 шілдедегі Заң қолданысқа енгізілген айдың соңғы күніне дейінгі кезең үшін төлем көзінен салық салынатын табыстан және жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың салық салынатын табысынан жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша өтпелі ережелерді белгілейді.

 

2025 жылғы 15 шілдедегі Заңның 2-бабына сәйкес, ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы баптың 1)-6) тармақшаларында көзделген нормаларды қоспағанда (2025 жылғы 16 шілдеде «Егемен Қазақстан» №132 (31112) және «Казахстанская правда» №132 (30510) газеттерінде ресми жарияланған).

 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2025 жыл үшін жекеше практикамен айналысатын тұлғаның жеке табыс салығы есептелетін салық салынатын табысының сомасы Салық кодексінің 364-бабында белгіленген кәсіптік шегерімдерді, 341-бабында көзделген табысқа түзетулерді және 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдерді ескере отырып айқындалады.

 

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларына сәйкес, ЖПАТ мұндай қызметтен түскен табыстарды:

 

270.03-нысанында (3-қосымша) – «Жекеше практикамен айналысатын тұлғаның табыстары туралы мәліметтерде» көрсетуге міндетті.

 

270.03-нысанында (3-қосымша) «Кәсіптік шегерім» деген бағанның болмауына байланысты, ЖПАТ 270.03-нысанындағы (3-қосымша) «В. Жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор толтырады» бөлімінде:

 

В бағанында «Қызметті жүзеге асырудан түскен барлық табыс» – кәсіби қызметтен алынған ай сайынғы табыс сомасын;

 

С бағанында «Бюджетке төленуге жататын ЖТС жалпы сомасы» – барлық қолданылған шегерімдер мен түзетулерді (оның ішінде кәсіптік шегерімдерді) ескере отырып есептелген және нақты төленген ЖТС сомасын көрсетуі қажет.

 

270.01-нысанында (1-қосымша) дербес салық салуға жататын табыстарды нақтылау және ЖПАТ қолданған шегерімдерді көрсету үшін В бөлімінде:

 

В.7 жолында «Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған өзге де табыстар (В бөлімінің 1–6 жолдарында көрсетілмеген)» – ЖПАТ табысы;

 

F.1 жолында «стандартты салықтық шегерімдер»;

 

F.2 жолында «өзге де салықтық шегерімдер» – өзге және кәсіптік шегерімдер;

 

Е.1 жолында «Табысты түзету, оның ішінде:» – Салық кодексінің 341-бабына сәйкес табысты түзету көрсетіледі.

 

ЖПАТ салықтық міндеттемелерін дұрыс есептеу мақсатында қазіргі уақытта ақпараттық жүйеге тиісті техникалық пысықтаулар жүргізілуде, 270.01 және 270.03 нысандарын салыстыру іске асырылды.

 

270.01-нысанының (1-қосымша) H жолындағы есептелген ЖТС сомасы 270.03-нысанының (3-қосымша) С бағанындағы сомаға азайтылады.

 

Бұл ретте, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакциядағы Салық кодексінің 417-бабының 1-тармағына сәйкес, кірістер мен мүлік туралы декларация есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болған) жері бойынша ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1223644?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version