Бүгін Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін абыроймен аяқтаған әскери қызметшілерге арналған салтанатты іс-шара өтті. Әскери борышын лайықты атқарған сарбаздар құрмет пен алғыс атмосферасында запасқа шығарылды.
Салтанатты рәсім барысында әскери қызметшілер қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, олардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Бұл сәт ұрпақтар сабақтастығы мен қызметтік борышқа адалдықтың символына айналды.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан адал қызметі, тәртібі және үлесі үшін сарбаздарға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан жол сөмкелері, құрмет грамоталары және естелік виньеткалар табысталды.
Іс-шара бөлім командирінің құттықтау тілегімен аяқталды. Әскери қызметшілерге алдағы өмірде сәттілік, мықты денсаулық, бейбіт аспан және қызмет барысында бойына сіңірген патриоттық құндылықтарды сақтап қалу туралы тілек айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgovch/press/news/details/1224669?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау