7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану музейі мен аудандық білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырған әскери-патриоттық іс-шараға ауданның білім беру ұйымдарының оқушылары белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, батыр бабалардың ерлігін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Шара барысында оқушылар патриоттық және әскери-спорттық ойындарға қатысып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, мергендігін және ұйымшылдық қабілеттерін көрсетті. Атап айтқанда, «Кедергіден өту», «Садақ ату», «Арқан тарту», «Барлаушы», жүгіру, қаз жүрісі, граната лақтыру және тир бойынша мергендік сайыстар ұйымдастырылды.
Қатысушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, батырлар ерлігін құрметтеудің маңыздылығын түсінді. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, елін, жерін құрметтеуге және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға зор үлес қосады.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан оқушылар «Ең жылдам», «Ең мерген атқыш», «Ең білгір» номинациялары бойынша грамоталармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1224673?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау