Алматы облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17-25 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті. Негізгі назар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауға, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын заңсыз басқару деректерін анықтап, жолын кесуге аударылуда.

Сонымен қатар, рейдтік және профилактикалық жұмыстар барысында жүргізушілермен түсіндіру шаралары жүргізіліп, жол қауіпсіздігін сақтау мәдениетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Полиция департаменті ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге, тиісті жүргізуші куәлігі мен тәжірибесі жоқ тұлғалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1223555?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version