Алматы қаласы аумағында кенеге қарсы өңдеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы брифинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында Алматы қаласы аумағында кенеге қарсы өңдеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы брифинг ұйымдастырылды.

 

Брифингке Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова, инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсембайқызы Ахметова қатысып, қала аумағында кенелерге қарсы өңдеу жұмысы бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы кеңінен баяндама жасады.

 

Сондай-ақ брифингке ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақлау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының өкілдері Айнұр Өміржанқызы Аққошқарова және Қалыбек Амангелдіұлы Бұралхиев қатысып, кенелердің таралу қаупі және жүргізіліп жатқан дезинсекциялық өңдеу жұмыстары туралы кеңінен баяндап, ұсынымдар берді.

 

Бұдан бөлек, спикелер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар беріп, сақтық шараларымен бөлісіп, кене тістеуінен алдын алу бойынша бірқатар ұсынымдар берді.

 

Толық брифингті төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=h88iR3GRiKw

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1223625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version