Алматыда жас басшылар мектепішілік бақылаудың заманауи тәсілдерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамырда Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы №92 мамандандырылған лицей базасында Алматы қаласының білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадр резерві өкілдеріне арналған тәлімгерлік мектептің «Мектепішілік бақылау: диагностика, талдау және басқарушылық шешімдер» тақырыбында әдістемелік семинар-практикумын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — жас басшыларға мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, білім беру үдерісін диагностикалау және талдау, сондай-ақ тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Семинар аясында практикалық алаңдар ұйымдастырылып, қатысушылар бірлесіп басқарушылық жағдаяттарды талдады, мектепішілік бақылауды жүргізу алгоритмдерін қарастырды және басқару қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Жас басшылар өзара пікір алмасып, тәлімгер-директорларға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, заманауи мектептің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды. Басшының аналитикалық мәдениеті, бақылаудың жүйелілігі және мониторинг нәтижелерін білім сапасын арттыруда пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық кәсіби диалог атмосферасында өтіп, Алматы қаласының білім беру ұйымдарының жас басшыларын қолдау мен сүйемелдеуге арналған маңызды әдістемелік алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1224596?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version