Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы Жаңа Конституцияда мыңдаған жылдарға созылатын Ұлы дала тарихының сабақтастығын сақтау қастерлі парыз ретінде айқын көрсетілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы елордадағы «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл — ел болашағы үшін маңызды әрі жауапты қадам. «Сана өзгермей, қоғам да жаңғырмайды, мемлекет те өркендемейді. Бұл — ақиқат», — деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент тарихи сабақтастықты сақтау мәселесінің ерекше маңызға ие екенін атап өтті. «Өткенге құрметпен қарамасақ, жарқын болашаққа қарай бет алу қиын. Сондықтан біз озық ойлы ұлт ретінде алға нық сеніммен қадам басуымыз керек. Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихының сабақтастығын сақтау қастерлі парыз екені нақты көрсетілді. Өйткені біз — мемлекет ісінде “Мәңгілік ел” идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1223619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version