2026 жылғы 10–12 сәуір аралығында Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында «Ақ бидай – 2026» жазғы спорттық мерекесі аясында әйелдер командалары арасында волейболдан аймақтық жарыстар өтті. Мағжан Жұмабаев ауданының құрама командасы тамаша дайындықтарын, ұйымшылдығын және нағыз командалық рухтарын көрсетті 💪 Топтық кезеңде біздің спортшылар Айыртау, Қызылжар және Уәлиханов аудандарының командаларымен кездесті. Табандылықтың, шеберліктің және жеңіске деген ұмтылыстың арқасында команда іріктеу кезеңінен сенімді өтіп, жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды 🎉 Финалдық ойындар ағымдағы жылдың шілде айында Шал ақын ауданында өтеді. 👏 Спортшыларымызды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және финалда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-sport/press/news/details/1224166?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау