Ақмола облысында жылдың үздік әлеуметтік педагогі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы «Үздік әлеуметтік педагог – 2026» облыстық байқауын өткізді. Үздік атағы үшін Ақмола облысы аудандарындағы жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің 17 әлеуметтік педагогі бақ сынасты.

Байқау кәсіби шеберлікті бағалайтын дода ғана емес, тәжірибе алмасу, жаңа идеялармен бөлісу және шабыт алаңы болды. Қатысушылар авторлық әдістемелерін таныстырып, балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы айтып, оқушыларды қолдаудың және білім беру ортасында қолайлы атмосфера қалыптастырудың заманауи тәсілдерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:

I орын – Харьковская Виктория Сергеевна, Жақсы ауданы Қийма ауылы Ускенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі;

II орын – Шагизиганова Юлия Валерьевна, Атбасар қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі;

III орын – Ганзен Алексей Викторович, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің әлеуметтік педагогі.

Номинациялар:

«Үздік тәжірибе иесі» – Жаманбалинова Малика Сабировна, Бурабай ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі;

«Мамандыққа адалдығы үшін» – Кожауова Бакытжан Төлеуханқызы, Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі;

«Қолдау шамшырағы» – Жангабулова Гүлназ Сабырбайқызы, Аршалы кенті Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар үздік мамандарды анықтап қана қоймай, әлеуметтік педагог мамандығының беделін арттыруға да ықпал етеді. Бұл – үлкен төзімділікті, жауапкершілікті және балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті талап ететін мамандық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1224026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version