Ақмола облысының әкімдігі мен Қазақстан Халық Банкі бизнеске қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бірнеше бағыт бойынша серіктестікті дамытуға бағытталған. Олардың қатарында – әлеуметтік маңызы бар және креативті жобаларды қолдау, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, цифрлық және серіктестік бастамаларға қатысу бар.

Шағын және орта бизнесті қолдау өңір үшін негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып қала береді. Соңғы жылдары Ақмола облысында бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаражат жұмылдырылды, соның арқасында ауыл шаруашылығы, өңдеу, қызмет көрсету, сауда және экономиканың басқа да салаларында сәтті жобалар жүзеге асырылуда.

Халық банкінің қатысуымен өңірде жүздеген кәсіпкерлік бастамалар, соның ішінде шағын және орта бизнес жобалары қолдау тапты. Мысалы, көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдікпен несиелеудің «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қомақты қолдауға ие болды, бұл ретте қаржыландырудың негізгі көлемі Халық банкі арқылы іске асты.

«Банк мемлекеттік саясаттың сенімді серіктесіне айналғанын атап өткім келеді, алдағы уақытта да ынтымақтастық орнатып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру өңірді дамыту мен кәсіпкерлік бастамалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Банктің басқарма төрайымы бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға және экономиканы дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды қолдауға ынталы екенін алға тартты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1224397?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version