Жетісу облысы Талдықорған қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Зияткерлік-шығармашылық байқау Ілияс Жансүгіров мұрасын насихаттауға, оқушылардың сахна мәдениетін дамытуға және жас таланттардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.
Республикалық додада Ақмола облысының намысын үш дарынды оқушы қорғады. Қатысушылар ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін, көркем сөз оқу шеберлігін және жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында IІІ-дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Муханбетқали Бәтима марапатталды.
Құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1224020?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау