Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Geo Star Ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Ауқымды зияткерлік дода еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылардың басын қосып, олардың білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.
Ақмола облысының оқушылары бұл білім бәйгесінде өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
ІІІ-дәрежелі дипломмен:
Жексенбай Абужафар – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, №4 “Болашақ” облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы.
Домбровский Тимур – Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Мустафин Альтемир – Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 8-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотамен Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Қасқырбек Дінмұхаммед марапатталды.
Құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1223998?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау