Астанада Алтын Орданың тарихи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 19 мамыр – Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық жетекші тарихшылар, археологтар, зерттеушілер мен Ұлы дала және Алтын Орда тарихын зерттеуге маманданған ғалымдарды қоса алғанда 350-ден астам делегат қатысты.

Симпозиум Алтын Орданы жүйелі әрі жан-жақты зерттеу мақсатында халықаралық академиялық қауымдастықпен байланыстарды нығайту үшін ұйымдастырылды.

Іс-шараның ЮНЕСКО қамқорлығымен өтуі Алтын Орда тарихи мұрасының жаһандық маңызын көрсетеді.

Симпозиум барысында Алтын Орданың тарихи, саяси, экономикалық және мәдени мұрасына, сондай-ақ оның еуразиялық өркениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Президент өз сөзінде тарихи ғылымға объективті және саясаттандырылмаған көзқарастың маңыздылығын, сондай-ақ Алтын Орданың өркениеттік мәнін атап өтті. Сонымен қатар, ол Ұлы даланың ортақ мұрасын зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне тоқталды.

Қ.Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның Жошы ұлысының тарихи және зияткерлік мұрасын сақтау, жаңғырту және дәріптеу бағытындағы тұрақты күш-жігерін ғылыми зерттеулер, білім беру, цифрлық бастамалар және халықаралық мәдени өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырып отырғанын атап өтті.

Ақпарат үшін: Алтын Орда өз дәуіріндегі ең ірі саяси құрылымдардың бірі болды. Ол Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын қамтып, Шығыс пен Батысты байланыстырды. Алтын Орда өркениеттердің қалыптасуына, мемлекеттік құрылымдардың дамуына және Ұлы даланың тарихи эволюциясына елеулі үлес қосты. Бүгінде Алтын Орданың тарихы Қазақстанның ұлттық тарихының да, адамзаттың ортақ тарихының да маңызды бөлігі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1224265?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version