Тоғыз тұрғын алабы аумағында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясы, елдегі саяси реформалардың мазмұны және олардың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Ашық форматта өткен басқосуға тұрғын алаптың ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жастар мен сала мамандары қатысты.
Іс-шараны Еңбекші ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалардың мәнін халыққа қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында Еңбекші ауданы әкімдігі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы Нұрсағым Қалтаев Конституция мемлекеттің басты тірегі екенін атап өтті.
– Конституция – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Ата заңда мемлекетіміздің негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары айқын көрсетілген. Сондықтан Конституцияны құрметтеу – әр азаматтың міндеті. Бүгінде елімізде жүзеге асып жатқан реформалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, – деді Нұрсағым Қалтаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1224753?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау