Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ге жуық дерегі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Полиция қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтары көп шоғырланатын демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттады. Шара барысында азаматтарға табиғатты таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, белгіленбеген жерлерде от жақпау және жасыл желекке зиян келтірмеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында демалушыларға ескерту жасалып, абаттандыру қағидаларын сақтау талаптары жеткізілді. Тәртіп сақшылары табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалықты сақтауға шақырды.
Жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 2400-ге жуық құқық бұзушылық дерегі тіркелген.
Қазіргі таңда өңірде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1224322?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version