Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді.
Жиында облыс әкімінің авиация саласын дамыту мен цифрландыру бойынша берген тапсырмалары пысықталып, бірқатар міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалу барысы сараланып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және өңдеу салаларындағы жұмыстарды толық орындау тапсырылды. Жандос Еркінбек межелі міндеттердің әрдайым сапалы атқарылуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.
Аудан басшысы: «Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әсіресе жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажет», – деп аудандық төтенше жағдайлар және полиция бөліміне, білім саласы мен кент, ауылдық округ әкімдеріне күшейтілген жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ балалардың жазғы демалыстарын дұрыс ұйымдастыру, жазғы лагерьмен қамту, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу бағытындағы шаралар да талқыланды.
Мәжіліс қорытындысында барлық жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету тапсырылып, жұмыстар тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1223893?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау