Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айбек Купеновтың төрағалығымен маңызды жиын өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айбек Купеновтың төрағалығымен маңызды жиын өтті.

Жиынға барлық дербес бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың орындалу барысы қаралды.

Мәжіліс барысында аудан басшысы әрбір ауылдық округ әкімі мен бөлім жетекшісінен тұрғындар өтініштерінің орындалу деңгейі бойынша есеп алып, берілген тапсырмалардың іске асырылу барысын жан-жақты саралады.

Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы басты назарда екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1224750?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version