Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Ақмол және Оразақ ауылдарының тұрғындарының өтініштері қаралды. Көтерілген мәселелер экология, инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жағдайы және өзге де өзекті тақырыптарға қатысты болды. Атап айтқанда, тұрғындар Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қызметіне байланысты жағымсыз иісті азайту, Оразақ ауылындағы жолға қиыршық тас төсеу және грейдерлеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Нұра өзені арнасының бір бөлігін санациялау жобасын іске асыру мәселелерін көтерді.

Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді, сондай-ақ жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30-509 телефоны бойынша жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1224595?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version