АУДАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
 
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың өкімімен біраздан бері бос тұрған ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне басшы болып Амангелдиев Сұңғат Бағдәулетұлы тағайындалды.
 
Жаңа басшыны ұжыммен таныстырған Серік Үсенұлы алдағы атқарар жұмыстарына, ауданның ауыл шаруашылығы саласының потенциалын арттыруда, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғарылауына үлес қосу жолында сәттілік тіледі.
Амангелдиев Сұңғат Бағдәулетұлы 11 наурыз 1997 жылы Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жетісай қаласындағы №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназияны 2014 жылы бітіріп, 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтаған. 2022 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
 
2018 – 2019 жылдары Жетісай ауданы әкімі аппаратында инспектор;
03.05.2019-16.09.2019 жылдары Жетісай ауданы әкімінің көмекшісі міндетін уақытша атқарушы;
2019 – 2021 жылдары аудан әкімінің көмекшісі міндетін уақытша атқарушы, аудан әкімінің көмекшісі;
25.02.2021 – 23.09.2021 жылдары Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінде экономикалық талдау және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі;
2021 – 2022 жылдары Жетісай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы;
01.08.2022 – 22.12.2022 жылдары Жетісай аудандық мәслихаты аппаратының бас маман-есепшісі;
22.12.2022 жылдан бүгінгі таңға дейін Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
 
Отбасылы.
 
Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1224461?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version