ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы А.У. Оразбеков азаматтарды күнделікті жеке қабылдайды.
Қабылдау барысында тұрғындардың зейнетақы тағайындау, мүгедектік рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік қорғау саласына қатысты мәселелері қаралып, заңнама аясында тиісті түсіндірулер беріліп, нақты шешу жолдары ұсынылады.
Халықпен ашық байланыс орнату және азаматтардың өтініштеріне дер кезінде назар аудару — департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1224312?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау