Балалар инфрақұрылымын дамыту және балалардың дем алуы мен сауығуы үшін қолайлы жағдай жасау — біздің өңір үшін маңызды басымдықтардың бірі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Самар ауданында Новостройка ауылындағы «Балауса-2» спорттық-сауықтыру лагерін жаңғырту жалғасуда. Аудан әкімі Серік Жеңісовтың айтуынша, барлық құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін лагерь бір маусымда 160 баланы қабылдай алады. Бұл бұрынғы сыйымдылықтан төрт есе көп.

Бүгінде аумақта 120 орындық үш жаңа корпус салынуда, қолданыстағы ғимаратқа жөндеу жүргізілуде, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның маңызды мәселелері – электрмен жабдықтауды күшейту, септиктерді орнату, трансформаторды монтаждау және лагерь аумағын қоршау мәселелері шешілуде.

Балалардың қауіпсіздігіне және санитарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, жазғы кезеңде жайлы демалу үшін көлеңке шатырларды орнату жоспарлануда.

Мұндай жобалар – Шығыс Қазақстанның өскелең ұрпағының денсаулығына, қауіпсіздігіне және толыққанды дамуына қосылған үлес.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1223551?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version