«Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы аясында және жазғы демалыс қарсаңында полиция қызметкерлері Ертіс ауданы прокуратурасымен бірлесіп, мектеп оқушыларына жол жүру ережелері бойынша профилактикалық сабақтар өткізді.
Жаз мезгілінің басталуына байланысты балалар көшеде, аулаларда және жол маңында көбірек уақыт өткізеді. Сондықтан қазіргі таңда балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде, – деп атап өтті Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Атығай Айгазинов.
Кездесу барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің негізгі ережелері, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану жолдары, сондай-ақ жолдан дұрыс өту тәртібі түсіндірілді. Полицейлер балалармен бірге түрлі жол жағдайларын талқылап, мұқияттылық, тәртіп және жол қозғалысы ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын айтты.
Осындай профилактикалық іс-шаралар балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1223570?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау