Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес жекелеген санаттағы азаматтар санаторий-курорттық емделуден өткеннен кейін жолдама құнының бір бөлігін өтеуге әлеуметтік көмек ала алады.
Көмекті кімдер ала алады:
• 100% — ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар және еңбек ардагерлері;
• 70% — I- топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүрушілер;
• 70% — жан басына шаққандағы табысы 101 702 теңгеден аспайтын 70 жастан асқан зейнеткерлер.
📍 Әлеуметтік көмек емделуден өткеннен кейін жылына 1 рет нақты шығын көлемінде беріледі.
📄 Қажетті құжаттар:
• жеке куәлік
• шот-фактура
• орындалған жұмыстар актісі
• отбасы табысы туралы мәліметтер
• банк шоты немесе «Қазпошта» АҚ деректемелері
⏳ Өтінішті емделуден кейін 2 ай ішінде тапсыру қажет.
📍 Құжат қабылдау орны:
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ,6 кабинет
📞 Анықтама телефоны: 42325
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1224344?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау