Баутино ауылының әкімі сайланды
“Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45 бабына, Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Жеткізгенов Еркебұлан Қуанышқалиұлы Баутино ауылының әкімі лауазымына сайланды.
Еркебұлан Қуанышқалиұлы 1985 жылы 6 қыркүйекте Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Ш. Есенов атындағы технология және инжиринг университетінің “құқықтану”, 2018 жылы осы университеттің “экономика және бизнес” магистрі мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолы 2007-2012 жж, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің инспекторы, 2012-2014 жж осы салада супервайзер, 2014 жылдан бастап басшы орынбасары, басшы міндетін атқарушы және басшы қызметтерін атқарған. 2022-2026 жылдар Бааутино ауылының әкімі қызметінде болды.
Е. Жеткізгеновке Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулеткерей Меңдіханов қызметтік куәлігін табыстады.
Ауыл ардагерлері мен тұрғындары сөз алып бұрынғы әкімдердің қызметіне тоқталып, әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан басшысы Ержан Күмісқалиев Баутин ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-tupkaragan/press/news/details/1224356?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау