«Білім беру ортасындағы діни экстремизмнің алдын алудың практикалық аспектілері» тақырыбындағы практикалық-бағдарланған семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының Дін істері басқармасы Қарағанды облысы колледждерінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларына арналған «Білім беру ортасындағы діни экстремизмнің алдын алудың практикалық аспектілері» тақырыбында практикалық-бағдарланған семинар ұйымдастырды.
Іс-шара «Қарағанды индустриялық-технологиялық колледжі» КМҚК базасында өтіп, білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасындағы радикалдану белгілерін ерте анықтау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды.
Семинар модераторы ретінде Қарағанды облысындағы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының жетекшісі Дмитрий Полтаренко сөз сөйледі.
Шақырылған лектор ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы Лола Шакимова қатысып, жастар арасындағы радикалдану белгілерін анықтау әдістері тақырыбында баяндама жасады. Сөз барысында кәмелетке толмағандарды деструктивті діни ағымдарға тартудың психологиялық ерекшеліктері, интернет кеңістігі арқылы жүргізілетін вербовка тетіктері, сондай-ақ ерте әрекет етудің практикалық құралдары қарастырылды.
Семинар аясында қатысушылар білім алушылардың деструктивті діни ағымдарға тартылу белгілерін анықтау кезіндегі практикалық кейстер мен әрекет ету алгоритмдерін талқылап, білім алушылармен және ата-аналармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1223575?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version