Бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда Абай аудандық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы 2025 жылғы есептерді қарады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда Абай аудандық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы 2025 жылғы есептерді қарады. Отырыс барысында «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова, Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Бектурова, сондай–ақ, бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – «Абай ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Б.К. Мурсалов, Абай қаласының әкімі Н.Б.Тасмағамбетов, Есенгелді а/о әкімі А.Л. Григорьян баяндама жасады. Қарау қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер талқыланып, бюджет қаражатын одан әрі тиімді пайдалану жөнінде тиісті ұсыныстар берілді. Депутаттар қаралған есептерді сессияның бекітуіне енгізді. Тұрақты комиссиялардың жұмысына Қоғамдық кеңестің төрағасы, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, Абай ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-abai/press/news/details/1224017?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version