Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының апатты учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналындағы жалпы ұзындығы 1,53 шақырымды құрайтын апатты учаскелерді реконструкциялау жұмыстарын аяқтады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде нысанның техникалық жағдайы жақсарып, су өткізу қуаты артты және су шығыны азайды. Бұл Алматы облысындағы 33,3 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

«Реконструкциялау аясында каналдың бүлінген учаскелерін демонтаждау және оларды монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталды. Соның арқасында биылғы вегетация кезеңі уақытылы басталды», деді ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1223884?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version